Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Мамыр, 2022

Ақтауда әскердегі сарбаз жоғалып кетті

Ақтауда патрульдік күзет қызметі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз әскерилер жиналатын орынға қайтып келмеген.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні Ақтау қаласындағы 6656 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі патрульдік-күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімшеге қайтып келмеген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2003 жылы туған. Қорғаныс істері жөніндегі департамент оны 2021 жылдың маусым айында әскерге шақыртқан.

485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз