Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Мамыр, 2022

Талдықорғанда велоспорттан ел чемпионаты аяқталды

Антон Кузьмин велоспорттан Қазақстан көпкүндік чемпионатында  жеңіске жетті, деп хабарлады Olympic.kz.

Талдықорғанда көпкүндіктің ақтық төртінші кезеңі аяқталды. Төртінші кезең нәтижесі бойынша Иоганн Штайн топ мәреге бірінші болып келді. Александр Семенов екінші болса, Өркен Сламжанов үшінші болып мәре сызығын кесті. 

Антон Кузьмин төртінші кезеңде жүлдегерлер қатарынан көрінбегенімен, төрт кезең қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. 

Алматы облысының спортшысы төрт кезең қорытындысы бойынша командаластарынан 43 секунд айырмашылықпен бірінші орынға ие болды. Шымкенттік Даниил Марухин екінші орыннан көрінсе, Ақмола облысынң өкілі Иоган Штейн үздік үштікті қорытындылады. 

 

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз