Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Мамыр, 2022

БҚО-да 4800-ден астам түлек ҰБТ тапсырады

Батыс Қазақстан облысында биыл 5687 түлек мектеп бітірмек.

БҚО білім басқармасы мәлім еткеніндей, соның 4838-і немесе 85,1 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдірді.

«Соның ішінде 316 мектеп бітіруші «Алтын белгіден», 304-і үздік аттестаттан үміткер. Облыс мектептерінде барлығы 115 мыңға жуық оқушы білім алуда. Биыл сондай-ақ 9 сыныптан 9250 оқушы емтихан тапсырады», деп хабарлады ведомстводан.

Мектеп түлектері ҰБТ сынақтарынан Орал және Ақсай қалаларында өтеді.

БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Сәрсенғалиеваның толықтыруынша, мектеп бітіру іс-шаралары міндетті түрде сол білім ордасында өткізіледі.

Оның сөзіне қарағанда, «Мектепке кітап сыйла», «Мектепке сый» ағаш отырғызу, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен балаларға арналған «Мейірімді жүректен балаларға», «Туған жерге тағзым», «Алғашқы ұстазыма алғыс айтамын!» сынды іс-шаралар қолдау табады.

«Педагогикалық әдепті сақтау және алдын алу мақсатында мектеп бітіру кезінде аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, салтанаттарды өткізу үшін жеке студияларды тартуға, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға болмайды. Сондай-ақ жалға берілетін автомобильдерді тарта отырып, қала немесе аудан бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге, әкімшілік пен педагогтерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде мектеп бітіру шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады», - деді Г.Сәрсенғалиева.

664 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз