Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Мамыр, 2022

Адам өлтірді деп айыпталған күдікті суицид жасады

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/11 мекемесінде жатқан күдікті өзіне қол салды.

1962 жылы туған тұрғынға кісі өлтірді деген айып тағылған. Күдіктіге мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсету шараларын қолданған. Ал, жедел медициналық жәрдем бригадасының өкілдері күдіктінің қан жоғалтудың салдарынан мерт болғанын анықтады.

«Аталған факті бойынша департаментте қызметтік тергеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша қызметкерлер жауапқа тартылды. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид түнде жасалған. Тергеу үшін қамауға алынған адам камерада өзіне жарақат салған соң, көрпеге оранып жатып қалған»-делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

370 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз