Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Мамыр, 2022

Мемлекет басшысы Польша Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша тарапының бастамасы бойынша  Президент Анджей Дудамен телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлады Ақорда.

Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты. Тарихи өлшем бойынша осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Польша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Сондай-ақ тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ықпалдастықты дамытудың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында президенттер өзара мүддені көздейтін кең ауқымды бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.

 

321 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз