Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 05 Маусым, 2022

Парламент Мәжілісінің төрағасы референдумда дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов елордадағы N110 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Палата спикері Ерлан Қошанов та елорда тұрғындарымен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады. 

N110 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Замир Серіковтің айтуынша, мұнда 2818 адам дауыс беруші ретінде тіркелген. 

«Біздің учаскеге таңғы сағат 7.00-де он шақты адам келіп дауыс беруді бастады. Қазіргі қарқынға қарағанда сағатына 50-100 адамнан келіп жатыр. Алғаш болып дауыс берген үш адамға сыйлық табыстадық. Жергілікті, халықаралық байқаушылар да таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыстарына кірісті», —деді З.Серіков. 

Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

411 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз