- Шартарап
- 18 Маусым, 2022
QazaqGaz ҰК АҚ мен «ГазПром» төрағалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ресейде өткен Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «ГазПром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тараптар Орынбор ГӨЗ қазақстандық газ өңдеу көлемін жылына 11 млрд текшеметрге дейін арттырады.
Бұл қадам Қазақстанның ішкі нарығына тауарлық газды жеткізуді жылына 1,7 млрд текшеметрге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл елімізде сұйық көмірсутектер өндіруді арттырады.
Бұдан басқа, «ҚазРосГаз» ЖШС мен «Газпром переработка» ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды қайта өңдеуге арналған шартқа қол қойылды. Атап айтқанда, биыл бұрын жоспарланған 8,1 млрд текшеметр көлемге 0,57 млрд текшеметр газды қосымша өңдеу көзделген, ал келесі жылы 2022 жылдың бастапқы деңгейіне қосымша 1,23 млрд текшеметр өңдеу жоспарлануда.

653 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *