Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Маусым, 2022

Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

12 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек Алматы қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: Досжан Балабекұлы

778 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз