Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Маусым, 2022

Алакөлден Семейге бағыт алған автобус аударылды

Алакөлден Семейге бағыт алған 14 жолаушысы бар автобус аударылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда сағат 04:50 шамасында Setra-S маркалы Алакөл-Семей рейстік автобусының 56 жастағы жүргізушісі Жарма ауданында көлікті басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді.

Автобус салонында 13 жолаушы және екінші жүргізуші болған. Барлық жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді, аталған көліктің жүргізушісі аурухаға жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабалданады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

353 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз