Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Маусым, 2022

Халықаралық «Алтайдай жер қайда?!» ақындар айтысы

2022 жылғы 1 шілдеде, сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай елді мекенінің орталық саябағында халықаралық «Алтайдай жер қайда?!» ақындар айтысы өтеді.

Халқымыздың ұлттық құндылығына айналған өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз, Моңғолияның айтыскер ақындары қатысып, бақ сынайды.

Елімізден Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды от ауызды, орақ тілді ақындар қатысады.

Ақындардың өнеріне Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Кәмел Жүністегі қазылық етеді.

Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

Толық ақпарат үшін – Назерке Өрқара: + 7 702 140 27 80.

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз