Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Маусым, 2022

Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер талқыланды - ҚР ИИДМ

Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді талқылауға арналған жиын өтті. 

Семинар министрліктің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органмен өзара байланысын нығайту және ведомствоның орталық аппаратының персоналды басқарудың орталықтандырылған қызметінің жұмыс қорытындысы аясында ұйымдастырылды. Жиынға ҚР ИИДМ аппарат басшысы Е. Мұқаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Ж. Хасен, құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Алқалы жиында мемлекеттік қызметке қабылдану барысында туындайтын мәселелер мен нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, кадрлық іс жүргізу, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру және тағы да басқа маңызды мәселелер таразыланды.

Семинар соңында қатысушылар кадрлық саясат бойынша бірнеше нақты ұсыныстарын білдіріп, пайымды пікірлерін ортаға салды. 

231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз