Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Маусым, 2022

МӘМС жүйесіне қатысты 207 мың кемшілік анықталды

Биылғы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша МӘМС жүйесіне қатысты 207 мың кемшілік анықталды. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев мәлім етті.

«МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша жүргізілген мониторингінің қорытындысы бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында 207 мың кемшілік анықталды. 4,8 млрд теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары іске асырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37 пайыз жоғары. 2021 жылы МӘМС жүйесіне қатысты 1 млн 100 мың ақау анықталды. 25,7 млрд теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары жүзеге асты. Ең жиі анықталатын ақау – медициналық көмек көлемін жасанды түрде арттыру. 66,6 пайыз қолдан арттырған. Сонымен қатар рестандарттар мен клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқу кемшілігі 16,5 пайыз көрсетіп отыр», - деді Айдын Ашуев елордада өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ, қор басшысының мәліметінше, МӘМС жүйесі аясында көрсетілген медициналық көмектің 1,9 пайызы расталмай шыққан.

«Осы орайда жүйе аясында ұсынылатын медициналық көмек пен халықтан келіп түсетін өтініш, арыз-шағымға аса мән беру керек. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында «1406» Call орталығы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, «Qoldau – 24/7» мобильдік қосымшасы бар. Биылғы жылдың 1 тоқсанында қор барлық кері байланыс арнасы бойынша 208 мың өтініш қабылдап, өңдеді», - дейді ол.

Айта кетсек, елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қызметіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға сала мамандары мен жауапты тұлғалар қатысып МӘМС-ке қатысты түйткілді мәселелерді ортаға салды.

95 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *