Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 24 Маусым, 2022

Құдірет бар қаламыңның ұшында

Айтатұғын асыл сөздің сарасын,

Емдейтұғын жанның ауыр жазасын.

Журналистер – алтын арқау, жалғап тұр,

Билік пенен бұқараның арасын.         

 

Журналистер қайсар жандар табанды,

Тербетеді ақыл ой мен заманды,

Жақсылардың өнегесін паш етіп,

Аямайды жемқорларды, жаманды.

 

Серік еткен шындық деген жолдасын,

Айтқан сөзі атылған оқ –қорғасын.

Жамандықты жасыратын көз бояп,

Журналистер арамызда болмасын.

 

Журналистер әрбір сөзін салмақтап,

Заманамен бара жатыр алға аттап.

Мына әлемде бар мыңдаған мамандық,

Ал журналист бәрінен де ардақты ат!

 

Шындықты жаз, журналист дос, қысылма,

Құдірет бар қаламыңның ұшында.

Жатырқамай жарқын істі жаза бер,

Ерітетін көңілдердің мұзында.

 

Ауытқымай айқындасаң жолыңды,

Ұсынамын биік төрден орынды.

Журналистер, мерекеңмен мерейлі,

Құттықтаймын, қысып тұрып қолыңды!

 

 Бауыржан Оңғарбаев, «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының президенті,

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетісай ауданының құрметті азаматы

 

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз