Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Маусым, 2022

Air Astana үш халықаралық рейстің кешігетінін хабарлады

Air Astana әуе компаниясы үш халықаралық рейстің кешігетінін хабарлады. Себебі әуе көліктерінде ақау шыққан. Атап айтқанда, Алматы-Ташкент-Алматы, Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы және Алматы - Ақтау - Алматы бағытындағы ұшақтар сапарға белгіленген уақыттан шамамен 3 сағатқа кеш шығады.

Ұшудың нақты уақытын әуе компаниясының сайтынан білуге болады. Карантин шектеулері алынғалы жолаушылар қарасы көбейген. Сондықтан компаниядағы маман тапшылығы жағдайды қиындатып жіберді.

Жауаптылар рейстердің осы себеппен кешіктірілуі халықаралық тәжірибеде бар үрдіс екенін айтады. Өйткені жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды.

421 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз