Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Маусым, 2022

Қарағандыда Ұлттық домбыра күніне арналған шара өтеді

Ертең 1 шілде күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра – халық даналығы" музыкалық панорамасы өтеді. Іс-шара сағат 11:00-де басталады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі, 

Музыкалық панорамаға "Ақжелең" ансамблінің музыканттары Ислам Көшенов, Бозғұлбек Шәмші және "Арқа әуені" дәстүрлі ән үйірмесінің қатысушысы Мағжан Мыңбаев қатысады.

"Өнер сүйер қауым музыканттармен бірге домбыра тартып, ән айта алады", – деп атап өтті кітапханада.

Еске сала кетсек, Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілді. Қазақстандағы ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

942 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз