Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Тамыз, 2022

«Alga/На Старте» фильмі Италияда өтетін фестивальге қатысады

Ернар Нұрғалиевтың «Alga/На Старте» спорттық фильмі Италияда 7-13 қараша аралығында өтетін әлемдегі ең көне және беделді кинофестивальдердің бірі - спорттық фильмдерге арналған Paladino d'Oro Sport Film Festival фестиваліне қатысады. Ол туралы кинотуындының бас продюссері Максим Акбаров хабарлады.

 

  • Фильмнің әлемдің тұсаукесері Италияда өтетініне өте қуаныштымыз. Осы жаңалықпен картинаның шығармашылық тобын құттықтаймын. Мотивацияға толы біздің фильм итальяндық көрермендердің көңілінен шығады деп сенемін, - дед продюсер.

Осымен 42-ші рет өткізілетін Paladino d'Oro Sport фестиваліне биыл 27 елден 150 өтінім келіп түскен екен. Фестиваль шеңберінде көрсетілетін фильмдер 17 номинация бойынша бақ сынайды, олар: «Ұздік фильм», «Үздік сценарий», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік операторлық жұмыс» және т.б. Фестиваль жеңімпаздары қарашаның 13-і күні жарияланатын болады.

 

Естеріңізге сала кетсек, «Alga/На Старте» фильмі әкелері қайтыс болған соң тонаушылықпен айналысып жүрген екі ағайынды туралы баяндайды. Ауыл аралап, дарынды жастарды іздеп келген жеңіл атлетика бойынша бапкер жігіттерді байқап, оларды спортқа шақырады. Өз өмірлерін өзгертуге талпынған ағайындылар көптеген қиындықтарға тап болса да, марафонға қатысып, әлем чемпионын озып шығуға тырысады. 

Фильмді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдауымен Golden man media кинокомпаниясы түсірген. Кинотуындының түсірілімдері Алматы және Алматы облысында жүргізілген. Фильм биыл сәуір айында көрермендерге ұсынылған болатын.

523 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз