Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 09 Тамыз, 2022

Шілде айында айында іскерлік белсенділік біршама төмендеді - Ұлттық банк

2022 жылдың шілде айында іскерлік белсенділік индексі төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің айтуынша, бірқатар салада жаңа тапсырыстардың төмен деңгейі, сондай-ақ шикізат пен материалдарды жеткізу мерзімінің ұзақ болуы белсенділік көрсеткішіне теріс әсер етіп, оның индексі 48,0 (маусымда – 48,9) болды.

"Қызмет көрсету секторында индекстің мәні 48,6 болып, іс жүзінде өзгерген жоқ, ал қалған секторларда индекстің төмендегені байқалды: өндірісте – 48,5, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 46,2, құрылыста – 47,0.

2022 жылғы шілдеде кәсіпорындардың қазіргі бизнес-жағдайларын бағалауы (-) 6,3-ке дейін (маусымда – 4,0) нашарлады. Жауаптардың теңгерімі жағымсыз өзгерістерді атап өткен респонденттердің ұлғаюы есебінен теріс болып шықты.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларын бағалауы да төмендеп, 18,0 (маусымда – 23,9) болды. Сөйтіп, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі 5,4-ке (маусымда – 13,6) төмендеді. Осылайша бизнес-циклдің «сағат» индикаторы шілдеде өсу аймағынан көтерілу аймағына өтті.

2022 жылғы шілдеде бизнес-жағдай факторларын бағалау арасында сұраныс жағынан ілгерілеушілік бар. Сұраныс бойынша жауаптар теңгерімі 4,3 (маусымда – 1,8) болды. Секторлар бөлігінде респонденттердің бағалауы бойынша оң жауаптар басым болған өндірісте, құрылыста және қызмет көрсетуде сұраныс қалпына келе бастады,"- дейді сарапшы. 

Толығырақ:  http://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-

 

Фото: көрнекі

917 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз