Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 12 Тамыз, 2022

Елімізде қанша жеңіл автокөлік тіркелгені белгілі болды

2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 95801 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл 
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% аз.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 907,2 мың бірлікті құрады.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ең аз үлес жасы 3-тен 7 жасқа дейінгі көліктерге келеді – 6,8%.

 

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында2) – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен3) жүреді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Деректер аймақ бөлінгенге дейін алынды.

3) Аралас отын – бензинде, газ баллонында және электр отынында.

 

www.stat.gov.kz 

1610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз