Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Тамыз, 2022

 Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жасар бала әлі табылмады

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жасар Темірлан Ахмеджанов әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта да іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел штаб құрылды. Оған немқұрайлы емес азаматтар қажетті ақпарат алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады», - делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, Өскемен қаласында 12 жасар бала түнде үйден шығып кеткен. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда сағат 2:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар болған. Жасыл түсті аяқ киім киген.

 

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз