Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Тамыз, 2022

Жыл басынан зейнетақы 1,7 трлн теңгеден астам сомаға төленді

Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

«2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне – 243,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 169,4 млрд теңге бөлінді», - делінген ведомство мәліметінде.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды.

Фото: ашық дереккөзден

341 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз