Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Тамыз, 2022

Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды  kazgazeta.kz  Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге көтеріліп, 476,58 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 16 тамыздағы ресми бағамы - 476,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 475,90 теңге, сату - 480,03 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,46 теңгеден сатып алынып, 479,54 теңгеден сатылып жатыр.

207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз