- Айна
- 22 Қыркүйек, 2022
Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
22 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Өскемен және Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі), Павлодар (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі.
Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Фото: Досжан Балабекұлы

258 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *