Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қыркүйек, 2022

2ГИС компаниясы қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді

2ГИС компаниясы қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2ГИС AppStore-дан өшірілді, бірақ орнатылған қосымшалар сол қалпында жұмысын жалғастырады-деректер күн сайын жаңартылады, бұрынғыдай қосымшадан кез келген қаланы жүктеуге болады. 2ГИС-ті Google Play-ден жүктей аласыздар.

iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес - бұрын орнатылған 2ГИС қолданбасын өшірмеу. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, онда 2gis.ru сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстеліне 2ГИС белгішесін орнатыңыз", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді және пайдаланушылардан 2ГИС жүйесіне кез келген жолмен тіркелуді сұрады.

411 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз