Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2022

ХҚКО қызметкерлері ресейліктерге ЭЦҚ сата ала ма?

Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондыцифрлық қолтаңбааушы ресейліктерді биометриялық тәсіл арқылы тексеру мүмкін емес. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметкерлер Ресей азаматтарына электронды цифрлық қолтаңба кілттерін 10 мың теңгеге жасап беріп жатыр деген ақпарат тарауда. Бұл расталған мәлімет пе? Министрлік бұл мәселені қашан бақылауға алады», - деп сұрады брифингіде БАҚ өкілі.

«Әрине, мұндай әр түрлі ақпараттарды желіден біз де көріп тұрамыз. Қазақстандықтарға ЭЦҚ берген кезде қосымша қызметтер болмауы үшін біз биометриялық сервистерді іске қостық. Бірақ қазақстандықтардың биометриялық деректері мемлекеттік деректер базасында болғандықтан біз оларды тексере аламыз. Ал шетелдік азаматтарға қатысты мәселені «последконтроль» деген бар. Сол тетік арқылы қадағалап жатырмыз. Егер мұндай жағдайлар тіркелсе және дәлелденсе ондай адамдармен, қызметкерлермен келісімшарттың күшін жоямыз», - деді Сүйеніш Әбділдин.

Фото: Vera.kz

267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз