Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда «Ашық аспан-2022» оқу-жаттығуы басталды

«Айбалта-2022» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілетін «Ашық аспан-2022» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына 40-тан астам майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиация, пилотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

«Ашық аспан-2022» оқу-жаттығуы Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтың басшылығымен өтуде.

Еліміздің барлық өңірлерінде өтетін жаттығулар шартты қарсылас әуе шабуылы құралдарын қолданған кезде жеке құрамды практикалық іс-қимылдарға үйретуге бағытталған.

Қазіргі таңда әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқару органдары, құрамалары мен бөлімдері жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, оқу-жауынгерлік қимылдарды ұйымдастыру шараларын жүргізуде.

Келесі кезеңдерде авиацияның практикалық ұшуларымен құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындау ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ Әуе қорғанысы күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, шартты әуе нысандарын ұстап, оларды жою жүзеге асырылады.

Бұдан өзге, майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиация экипаждары ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Іздестіру-2022», «Эшелон-2022» және «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуларына тартылатын болады. Оқу-жаттығулар  7 қазанға дейін жалғасады.

123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *