Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қазан, 2022

Қазанның 1-і күнгі күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 1-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, қазанның 1-і күні солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күн жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын - шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыста жолдарда көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +4+6°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +10+12°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С болады.

426 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз