Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 16 Қараша, 2022

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,4 % құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 101,4 % құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайты хабарлады.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Жамбыл (11,1%), Абай  (9,4%), Ақмола (8,8%) облыстарында және Алматы қаласында (9,2%) байқалды. Төмендеу Қостанай (4,3%-ға), Түркістан (4,2%-ға), Жетісу (2,4%-ға), Атырау (1,9%-ға), Батыс Қазақстан (1,3%-ға), Қызылорда (1,3%-ға) және Павлодар (0,9%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-қазанда 39 720 млрд теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 20 628 млрд теңге (жалпы көлемнен 51,9%), өңдеу өнеркәсібінде – 16 972 млрд теңге (42,7%).

2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда түсті металдар кені (107,8%), көмірді өндіру (101,6%), сусындар (108,9%), темекі өнімдері (112,7%), жеңіл өнеркәсіп (107,8%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (104,4%), резеңке және пластмасса бұйымдары (104%) өндірісінің өсуі байқалды.

 

1645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз