Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қараша, 2022

Корей тілінің оқытушылары біліктілігін арттырды

Биылғы жылдың маусым және қазан айларының аралығында Корея Республикасындағы Korea Foundation-ның қаржылық қолдауымен Сукмен қыздар университетінің жетекші оқытушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасы, Корейтану бөлімінің оқытушыларына онлайн форматта біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс барысында Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары корей тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа әдістерімен танысып, семинарларда қолдану үшін кептеген пайдалы оқу материалдарын алды. Сертификаттарын қолдарына алған Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары осы курстың ұйымдастырушыларына да, өту барысына да ризашылықтарын білдірді. Себебі, бұрындары тек офлайн немесе, онлайн тікелей эфир ретінде өтіп келген біліктілікті арттыру курстарының осы жолғы форматы сабақтан қолы тимей тек кешқұрым ғана оқуға ден қоя алатын оқытушылардың жұмыс кестесіне өте ыңғайлы болған.

Сондай-ақ, тек корей тілі мен әдебиеті ғана емес, корей мәдениеті және қазіргі қоғамында алып жатқан тенденциялар туралы да бірталай ақпараттар берілген бұл курстың біздің ұстаздар үшін ең пайдалы тұсы корей тілінен тілдік деңгейді анықтайтын емтихан ТOPIK-ке студенттерді даярлау жайында да бірқатар пайдалы дүние ала алғандығы болды. Бұндай курстардың арқасында тіл үйретудің жаңа әдістері мен жаңаша тәсілдерін бойларына сіңірген оқытушыларымыз өздері білім беретін жас ұрпақты да жаңашылдыққа баулып, заман талабына сай мамандарды тәрбиелеп шыға алатынына сенеміз! Білікті маман білімді ұрпақты тәрбиелесе, білімді де тәрбиелі ұрпақ қашан да ел іргесінің беріктігінің кепілі болмақ!

Әйгерім Сайлаукенова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шығыстану факультеті,

Қиыр Шығыс кафедрасы

 

515 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз