Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қараша, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Сайлау туралы» Конституциялық заңдарға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының қаулысын қабылдау қажет», - деп атап өткен ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Осыдан кейін ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады», - деді ол.

Фото: akorda.kz

696 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз