Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қараша, 2022

Түркі мемлекеттері кеңесінің желілік университетін құру мәселесі қарастырылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі мемлекеттері кеңесі Түркі университеттері одағының VІ Бас ассамблеясы өтті. Жиынға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан елдерінен 50 университет басшылары, ғалымдары мен студенттері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар, сарапшылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлайды.

Іс-шара Түркі мемлекеттері кеңесінің Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаманның құттықтау сөзімен басталды.

Ассамблеяда сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, іс-шараның түркі қоғамы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Түркі мемлекеттері кеңесінің саммитінде ҚР Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев академиялық ұтқырлықты дамыту және студенттер арасындағы мәдениетаралық диалогты нығайту үшін жағдай жасау қажет деп атап өтті. Осы мақсатта ШЫҰ және ТМД желілік университеттері үлгісінде, егер Түркі мемлекеттері кеңесі желілік университетін құратын болсақ, бұл түркі елдерінің азаматтарына толыққанды Түркі мемлекеттерінде оқуға мүмкіндігін ашатын болады. Осыған байланысты барлықтарыңызды осы идеяны қолдауға және оны Түркі университеттерінің одағы аясында жүзеге асыруға шақырамын», - деп вице-министр қатысушыларға ұсыныс білдірді.

Жиында 2018-2022 жылдары екі кезең қатарынан төрағалық еткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Сондай-ақ, «Орхон үдерісі» бағдарламасы, Түркі университеттері одағына мүше елдерден, оның ішінде қазақстандық 8 жаңа университеттерді қабылдау, Студенттер кеңесінің жұмыстары, 2023-2024 кезеңінің жол картасы және тағы басқа мәселелер қаралды.

Басқосу соңында төрағалық міндетті Әзірбайжан мемлекеттік экономика университетіне табыстады.

173 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз