Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Қараша, 2022

Ұлытау облыстық экономика басқармасының басшысы тағайындалды

Ұлытау облыстық экономика басқармасының басшысы болып Виктория Ставицкая тағайындалды.

Виктория Ставицкая 1972 жылы 30 сәуірде Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген.

Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, 2001 жылы О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Никольск мемлекеттік сақтандыру инспекциясында II санатты инспектор болып бастаған. Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Сәтбаев қаласының қаржы бөлімінде, Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Бұл уақытқа дейін Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз