Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қараша, 2022

Қарағандыда 35 жаңа автобус жолға шықты

Қарағандыда қалалық бағыттарға 35 жаңа автобус іске қосылды,- деп хабарлайды kazgazeta.kz жергілікті әкімдік хабарламасына сілтепе жасап.

Бұл жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және көлік арасындағы аралықты азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа автобустармен № 3 автопаркті толықты. Бүгінде олар № 40, 43, 53, 118э қалалық маршруттарына жіберілген.

"Бұл Yutong маркалы едені төмен автобустар. Олар халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі әлсіз топтарына арналған пандустармен жабдықталған. Мүгедектігі бар адамдар үшін салонда бөлек орындар да бар. Бір автобустың жалпы сыйымдылығы – 76 адам, оның 33-і отыратын орын. Кузовының ұзындығы – 11,7 метр. Көлік дизельді қозғалтқыштармен жұмыс істейді", – деп хабарлады Қарағанды әкімдігі.

Жаңа техниканың арқасында 43-маршруттағы автобустардың саны 24-тен 30 бірлікке дейін өсті. Сондай-ақ, қалада 40-шы автобустар саны арты. Бес жаңа 118 және екі 53 іске қосылды.

Осы жылдың желтоқсан айында № 3 автопарк тағы 15 жаңа автобуспен толықтырылады. Ал келесі жылдың қаңтар айында Таксокомбинат 32 көлік алмақшы. Бұл № 28 және 31 маршруттардың жұмысын үдетуге мүмкіндік береді.

 

Фото: gove.kz

490 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз