Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қаңтар, 2023

Индер көлінің құқықтық мәртебесі айқындалуы мүмкін

Атырау облысындағы Индер көліне сараптамалық зерттеу жүргізіледі. Бұл көлдің құқықтық мәртебесін айқындауға жол ашуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Атырау облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Жаннат Сабырғалиеваның айтуынша, 2025 жылға дейін туризмді дамыту үшін 10,8 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы іске асырылады. Бұл жобаларда 338 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Оның ішінде «Сарайшық» визит орталығын салуға бюджеттен қаржы бөлінді. Ал, 8 жоба жеке инвестиция есебінен салынады деп жоспарланып отыр. Қазір 4 жоба іске асырылды. Бұлар – «Нұрлы тал» этно-паркі, Құрманғазы ауданындағы екі туристік-демалыс базасы мен Мақат ауданындағы кемпинг. Биыл облыстың қолөнершілері мен дизайнерлеріне қолдау көрсету мақсатында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Құрманғазы ауданындағы лотос алқабының танымалдығын арттыру үшін видеоролик әзірлеу, Индер көлінің құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі», -дейді Жаннат Сабырғалиева.

Оның дерегіне қарағанда, былтыр ішкі және кіру туризмі бойынша келушілердің саны 108 158 адамды құраған. Бұл – алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есеге көп. Сондай-ақ, өткен жылы 6 туристік нысанға QR код орнатылған. Осылайша, туристер 5 тілде ақпарат алып, 3D тур жасау мүмкіндігіне ие болған.

Ал, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына «Өз еліңді танып біл» жобасы аясында Астана, Алматы, Ақтау қалаларына экскурсиялар ұйымдастырылған.

Фото: kazakhstan.travel

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз