Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қаңтар, 2023

Өңірлік БАҚ-қа қолдау күшейеді – министр

Астанада өтіп жатқан өңірлік мерзімді басылымдар форумында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аймақтық БАҚ-қа қатысты біршама іргелі жобалар бар екенін айтты. Бұл туралы kazgazeta.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Министр аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатқанын айтты.

«БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері  2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-қа жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз», - деді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге министр өңірлік басылымдардың сайттарын жасау және қолдау, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетілетінін, масс-медиа туралы жаңа заң аясында басылымдардан қосымша құн салығы алынып тастау қарастырылып жатқанын айтты.

Айта кету керек, форумға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат қатысып жатыр. Екі күн бойы түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылады.

 

 

 

Фото: @aqparatqogam

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз