Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Қаңтар, 2023

Елордада қызметшісі үй иесін тонап кеткен

Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 39 жастағы әйел адамды анықтады.

Белгілі болғандай, қаскүнем «үй көмекшісі» болып жұмысқа орналасқан.  Ол киім ауыстыратын бөлмені жинап жүрген уақытта алтын бұйымдарды жымқырған. Ол ұрлық жасау сәтінде үй иелері пәтерде болған. Жұмыс беруші полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.

«Полицейлер ұрланған заттардың барлығын тапты. Анықталғандай, ұры оларды ломбардқа тапсырған, алтын бұйымдар сол жерден тәркіленген. Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», - деді Есіл аудандық ПБ бөлім бастығы Сәкен Алауханов.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әйел адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Фото: Polisia.kz

379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз