Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қаңтар, 2023

Чехиядағы президент сайлауында Пётр Павел жеңіске жетті

Чехиядағы президент сайлауында Пётр Павел жеңіске жетті. НАТО-ның отставкадағы генералы 58,32% дауыс жинады, деп хабарлайды euronews.

Барлығы 15 мың учаскедегі дауыстарды санау аяқталды, сайлауға қатысушылардың саны 70%-дан асқан.

«Бұл сайлауда ақиқат, абырой және сыйластық жеңіске жетті», - деді Пётр Павел өзінің жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

Ал, миллиардер әрі бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш жеңілгенін мойындады. Оны сайлаушылардың 41,67%-ы қолдаған.

Сонымен, 61 жастағы саясаткер Пётр Павел 9 наурызда Прагада ант қабылдайды. Ол Милош Земанның орнына келеді.

Фото:Petr David Josek

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз