Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қаңтар, 2023

Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі

19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Ислам дінінің дестурктивті ағымының радикалды бағытын ұстанушы 1995 ж.т. және 1996 ж.т. азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасын тәркілеп, анықтады, - деп хабарлайды polisia.kz.

Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың 186 гр. болатын марихуана екендігі белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

349 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз