Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 07 Ақпан, 2023

Елімізде орташа жалақы көлемі белгілі болды

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IV тоқсанда 338 715 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүценмек, 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 22,9%-ды, нақты мәнде 2,8%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні яғни, жалақы қатарының орталық деңгейі 2022 жылғы ІV тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңгені құрады.

 

I тоқсан 2022

II тоқсан 2022

III тоқсан 2022

IV тоқсан 2022

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

285 433

312 011

299 782

338 715

атаулы жалақының индексі, 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

   123,7

   124,0

123,0

122,9

нақты жалақының индексі, 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

   112,7

108,9

105,8

102,8

Медианалық жалақы (бағалау), теңге

204 172

204 196

204 211

204 168

медиандық атаулы жалақының индексі (бағалау), 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

133,6

122,6

126,5

111,9

медиандық нақты жалақының индексі (бағалау), 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

121,7

107,6

108,8

93,6

«IV тоқсандағы орташа жалақының өсуі жыл соңында берілетін сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз. Деректер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай ұсынылғанын атап өту қажет», – деп түсіндірді Бюроның еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыс – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 32,6%, ақпарат және байланыс – 31,9% салаларында байқалды.

2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 2,4%.

Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді – 35,2%. Ең төменгі өсім Алматы облысында – 6,5%.

 

1284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз