Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 09 Ақпан, 2023

Қазақстанда баспана бағасы өсті

Қазақстанда өткен қаңтар айында үйді сату және жалға алу құны өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Тұрғын үй нарығында баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан - 2023 жылғы қаңтар) жаңа үйге – 0,7%, қолданыстағы үйге 0,3% өсті. Жалға беру құны 2,5% қымбаттады.

Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы келесідей болды:
- жаңа үй – 481 891тг;
- қолданыстағы үй – 515 019 тг;
- жалға берілетін үй – 4 671 тг

Сондай-ақ, бір жылда  (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтарға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.

Өңірлер бойынша жаңа пәтерлер нарығында баға  Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті.

Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көш бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2023 жылғы қаңтар

Анықтама: 2022 жылғы  желтоқсан

 

2022 жылғы  қаңтарға

2022 жылғы  желтоқсанға

2021 жылғы   желтоқсанға

2022 жылғы     қарашаға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

481 8911) 

14,0

0,72)

15,6

0,4

Пәтерлерді қайта сату

515 019

18,7

0,32)

21,6

-1,5

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 671

34,3

-2,5

45,0

-1,6

             

1)  Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

2 Базалық объектілердің салыстырмалы шеңбері бойынша қайта есептелді.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті. Тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалып отыр,  алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда баға 2,5%-ға  төмендеді.

Фото: Досжан Балабекұлы 

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз