- Инфографика
- 15 Ақпан, 2023
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,5% көбейді - статистика
Алдын ала деректер бойынша 2022 жылы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 28 311,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тауарлар экспорты 9 709,8 млн АҚШ доллары (24,3% көп), импорт – 18 601,4 млн АҚШ доллары (0,9% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы
(млн АҚШ доллары)
|
Экспорт |
Импорт |
||
қаңтар-желтоқсан 2021ж. |
қаңтар-желтоқсан 2022ж. |
қаңтар- желтоқсан 2021ж. |
қаңтар- желтоқсан 2022ж. |
|
Ресей |
7 018,7 |
8 780,7 |
17 605,5 |
17 342,7 |
Қырғызстан |
674,8 |
745,3 |
375,8 |
383,9 |
Беларусь |
110,3 |
156,8 |
780,7 |
860,1 |
Армения |
10,3 |
26,9 |
10,5 |
14,7 |
Барлығы |
7 814,1 |
9 709,8 |
18 772,5 |
18 601,4 |
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (77,4% аз).
Импорттағы ең үлкен өсім қара металдан жасалған құбырлар мен басқа да түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша өсім байқалды – 2,5 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарының импорты төмендеген (77% аз).
1054 рет
көрсетілді0
пікір