Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Ақпан, 2023

Лондонда ағылшындар қазақ тілін үйреніп жүр

Бұл туралы белгілі журналист Ғалымжан Қараманұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео жариялады. 

"Кәусар қызым ағылшындарға қазақ тілін үйретті. Диерстар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 млн теңге аударды. Бұл ақшаға Балалар ауылының тәрбиеленушілері музыкалық аспаптар сатып алады. 

Мисс Кәусар Balapan Телеарнасында қазақ балаларына ағылшын тілін үйретіп жүр еді. Енді халықаралық деңгейге көтеріліп, ана тіліміздің насихатына Димаш ағасы екеуі үлес қосуда,"- деп жазды Ғалымжан Қараманұлы. 

Бүгін 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні. Осы атаулы күн қарсаңында Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, өте мазмұнды кеш өтті. 

Фан клуб мүшелері Димаштың әндерін орындады. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татты.
 

Фото: www.instagram.com/qaramanuly парақшасындағы видеодан скрин

375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз