Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 22 Ақпан, 2023

Азық-түлік тауарларның бағасы 1,4% өсті - статистика

Экономикалық сектор

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтарда былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 105% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

 

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 508112 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,5% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 498957 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 407439 құрады, оның ішінде 398432 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы қаңтарда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,1% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1,4%, азық-түлік емес тауарларға – 0,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,7% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы қаңтарда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,6% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2022 жылғы желтоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 149510(алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы желтоқсанға қарағанда 4,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 13% төмендеді.

2023 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 456 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы қаңтардың соңына 212,1мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%.

 

Фото: көрнекі

2624 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз