- Инфографика
- 19 Наурыз, 2023
Еліміздің 13 өңірінде өндіріс көлемі артты - статистика

Елімізде 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 7134 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Оның ішінде кен өндіру саласында – 3411 млрд. теңгеге (жалпы көлемнен 47,8%), өңдеуде саласында – 3132 млрд. теңгеге (43,9%) өнім өндірілді.
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 2,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 4,6%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 3,2% байқалады.
Табиғи газды (101,1%), темірді қоспағанда, кендерді (107,6%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,9%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,5%-ды құрады.
Өсім тамақ өнімдері – 9,6%, сусындар – 22,6%, мұнайдың өңделген өнімдері – 6,5%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 9,4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 16,7%, машина жасауда 31,5% болып белгіленді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында байқалды.
Фото: gove.kz

173 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *