Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 20 Наурыз, 2023

Respublica партиясы: Басты құндылығымыз – халықтың сенімі

Respublica партиясы әлеуметтік желідегі парақшасында өздерінің басты құндылығы – халықтың сенімі екенін екенін мәлімдеді.

«2023 жылдың 19 наурызы – Respublica партиясының тарихында ерекше күн. Respublica тарихқа ҚР Парламентіне өткен алғашқы сайлау күні ретінде енеді!

Әрине, бұл – өз қызметін 2 ай бұрын бастаған жаңа партия үшін жақсы көрсеткіш, бірақ бұдан да жоғары нәтижеге жетуіміз керек еді!

Қазақстан халқына таңдауы, сенімі үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді! Сайлау алдындағы кезеңде және сайлау күні көрсеткен қолдауларыңызды біз ешқашан ұмытпаймыз!

Алдын ала мәліметтер бойынша, Respublica 8,9% үлесімен дауыс саны бойынша 3-орында тұр.

Біз Қазақстанның болашағына жаңа қадамдар жасап, нағыз патриоттар ретінде еліміздің мүддесі үшін әрекет ете береміз.

Біздің басты құндылығымыз – халықтың сенімі. Сайлау науқаны кезеңінде біз еліміздің барлық өңірлерін араладық, ауқымды жұмыстарды атқардық.

Біз халықтың үні және еліміздегі өзгерістердің нағыз қозғалтқышы болу үшін аянбай еңбек ете береміз.

Біз әрекет етуді жалғастыруымыз керек!» - делінген мәлімдемеде.

1410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз