Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Наурыз, 2023

Қазгидромет 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

25 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне де тұман түседі.

СҚО-да оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел есіп, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Фото: Досжан Балабекұлы

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз