Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Наурыз, 2023

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИКАО марапатына ие болды

Қазақстанның Канададағы Елшісі, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Ақылбек Камалдинов ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Скиачитаноның, Канаданың авиациялық билік органдарының, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА), Азаматтық аэронавигация қызметтері ұйымының (CANSO), Халықаралық серіктестік және авиацияны дамыту, инновация және тұрақты даму ұйымының (iPADIS), Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI World) және ірі халықаралық ауетасымалдаушылардың қатысуымен ұйымдастырылған «Global Connectivity Challenges» әуекөлігі симпозиумының жұмысына қатысты, - деп хабарлайбы СІМ бапасөз қызметі.

Симпозиум барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Air Transport News Corporate Award» номинациясы бойынша марапатқа ие болды, бұл әлемдік авиациялық қоғамдастық тарапынан Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалау болып табылады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі – озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, үш жыл бұрын тиімді авиациялық реттеуші болу мақсатында құрылған жас ұйым.

Марапатты Қазақстан Елшісіне тапсыра отыра, «Hermes-Air Transportation Organization» компаниясының бас директоры Костас Латроу: «Бұл марапат Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің соңғы 3-4 жыл ішінде азаматтық авиация басқармасының жаңа моделіне көшу бойынша жүргізіп жатқан жұмысының нәтижесі болды. Қабылданып жатқан шаралар елдегі ұшу қауіпсіздігін бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанның азаматтық авиациясының халықаралық аренадағы имиджін жақсартуға мүмкіндік берді», – деп хабарлады.

Айта кететін жайт, бұған дейін 2021 жылы жүргізілген ИКАО тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына 82% сәйкестікке қол жеткізген болатын. «Азаматтық авиация ұйымы» тексеру саласында ең үлкен 37,5%-дан 75%-ға көрсеткішіне қол жеткізілді. Бұл көрсеткіш ИКАО сарапшыларының 2021 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тұрақты техникалық кездесулер барысында және Еуропалық комиссияның мамандарының еліміздің авиациялық билігінің басқарудағы жаңа тәсіліне берген бағасы болып табылады.

ҚР Авиация билігі атынан марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген қазақстандық дипломат халықаралық ұйым басшылығына атқарылған жұмысты жоғары бағалағаны және тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ИКАО жанындағы ресми қазақстандық өкілдікті ашу жөніндегі 2024 жылға арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

373 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз