Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2023

Дені сау балалар – дені сау ұлт

Алматыда Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханаларда жұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде орта медицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді.

Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері қатысты. Оны AYALA қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы орта медициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби іс-шара.

«Денсаулық сақтау министрлігі неонатологияға маманданған орта медицина персоналының кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуі мен дамуын қолдайды және ынталандырады. Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу кезіндегі орасан зор физикалық және моральдық жүктеме нақ осыларға түседі. Форум алаңы Алматыда Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинады. Бұл форумда қарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызмет сапасын одан әрі арттыру мен жетілдірудің тамаша құралы болатынына сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова.

Форум барысында медициналық күтімге байланысты жаңа туған нәрестелерде инфекциялардың алдын алу, неонаталдық бөлімшелерде күтім сапасын жақсарту, жаңа туған нәрестені аспаптық зерттеулерге дайындау, жаңа туған нәрестелердің витальдық функцияларының жай-күйіне мониторинг жүргізу, неонатология бөлімшелерінде орта медицина персоналының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері сияқты бағыттарда практикалық тәжірибемен бөлісті. Конференцияның шетелдік қонақтары нәрестелер өлімі мен мүгедектік деңгейінің төмендеуіне байланысты өз елдерінің неонаталдық қызметтерінің ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып берді.

«Қазақстанның перинаталдық орталықтары мен перзентханаларындағы орта медицина персоналына түсетін жүктемеге өте үлкен. Қазіргі уақытта реанимация немесе қарқынды терапия бөлімшесіндегі бір неонаталды медбикеге 6 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін Еуропалық одақ елдерінде бұл көрсеткіш бір медбикеге бір жаңа туған нәрестеге тең. Бұл үлкен физикалық және эмоциялық күштену ел үшін маңызды сәбилер өлімі мен мүгедектігі деңгейіне тікелей әсер етеді. Нәресте өлімінің деңгейімен елімізде барлығы салыстырмалы түрде – көрсеткіштер ДДҰ белгілеген нормалар шегінде. Ал балалардың мүгедектік көрсеткіштері артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектікке шалдыққан балалардың саны 100 000-нан асты, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Біз балалар мүгедектігінің өсуін, оның ішінде неонаталдық қызметтегі орта медицина персоналына жүктелген жұмыстың өте үлкен көлемімен байланыстырамыз. Неонаталды мейірбикелердің негізгі функциялары мен шекті жүктемесін анықтаудың жаңа тәсілін әзірлеу уақыты келді деп есептейміз. «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған форум алаңы Қазақстанның орта медицина персоналының жұмысына оң өзгерістер енгізудің алғашқы және маңызды қадамы болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«Шеврон» компаниясының өкілі, қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, Неонаталды медбикелердің халықаралық форумы – Қазақстанда балалар денсаулығын одан әрі дамытуға көмектесетін және оның кішкентай азаматтарының денсаулық сапасы мен өміріне оң әсер ететін тәжірибе алмасудың пайдалы әрі тиімді алаңына айналатынын атап өтті. «Перинатология мен неонатологияны қолдау «Шеврон» компаниясының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біздің ұранымыз: «Дені сау балалар – дені сау ұлт», сондықтан 15 жылдан астам уақыттан бері біз AYALA қайырымдылық қорының перинаталдық және неонаталдық диагностиканың өзекті мәселелерін шешуге, ұрық пен жаңа туған нәрестеге сапалы медициналық көмек көрсетуге, перинаталдық және неонаталдық орталықтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартуға, сондай-ақ неонатолог дәрігерлердің және орта медициналық персоналдың біліктілігін арттыруға бағытталған жобаларына қолдау көрсетіп келеміз. Осы жылдар бойы «Шеврон» компаниясы AYALA қорымен бірлесіп, Алматы мен Астана қалаларындағы перинаталдық және неонаталдық бөлімшелер мен орталықтарға 300-ге жуық арнайы жабдықтарды сыйға берді, еліміздің барлық өңірлерінен жүздеген дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін ондаған біліктілікті арттыру курстары өткізілді, сондай-ақ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «AYALA академиясы» онлайн-платформасы құрылды, оның көмегімен неонатолог дәрігерлер мен орта медициналық персонал өздерінің негізгі жұмысынан қол үзбей біліктілігін арттыра алады. Бүгінгі форум біздің компанияның қолдауымен AYALA қоры жүргізіп отырған осы орасан зор жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Форум барлық қатысушыларға жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға бірегей мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз», – деді ол. 

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

 

1024 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз