Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 20 Мамыр, 2023

20 мамыр - Дүниежүзілік травматология күні

Травматолог дәрігер мамандығы - бұл зейінді, тез және аса жауапты шешім қабылдауды, жоғары біліктілік пен тәжірибені талап ететін нағыз мамандық. Көбінесе пациенттің денсаулығы ғана емес, оның өмірі де мамандардың біліктілігіне байланысты, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Бүгінгі таңда елімізде 1388 травматолог жұмыс істейді, олар тек 2022 жылы 199 мыңнан астам пациентке медициналық көмек көрсетті.
Қазақстанның травматология бөлімшелерінде озық, инновациялық технологиялар, оның ішінде ірі буындарды эндопротездеу және емдеу-диагностикалық артроскопия, аяқ-қолдардың сынуы кезіндегі жабық аз инвазивті остеосинтез технологиялары, омыртқаны хирургиялық түзету мен бекітудің заманауи жүйелері және басқалар қолданылады.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сіздерді кәсіби мерекемен  шын жүректен құттықтай отырып, сіздердің қиын да жауапты жұмыстарыңызда қажымас қайрат, күш-жігер тілейді!" - делінген министрліктің хабарламасында.

607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз