Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Мамыр, 2023

Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-приде жеңіске жетті

Никосия қаласында (Кипр) ФИДЕ әйелдер Гран-приі қорытынды кезеңінің 7-ші тур партиясы аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева бұрынғы ресейлік, қазір Швейцарияның атынан өнер көрсететін Александра Костенюкты жеңді. Бұл Асаубаеваның Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі, бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.

7-ші тур нәтижесі:

Александра Костенюк — Бибісара Асаубаева — 0:1.

Оливия Кёлбаса — Нана Дзагнидзе — 0:1.

Екатерина Лагно — Динара Вагнер — 0:1.

Полина Шувалова — Харика Дронавалли — 0,5:0,5.

Гюнай Мамедзаде — Александра Горячкина — 0,5:0,5.

Тань Чжунъи — Бела Хотенашвили — 0,5:0,5.

Жеті турдан кейінгі орындар:

1. Динара Вагнер — 5 ұпай.

2-3. Тань Чжунъи, Харика Дронавалли — 4,5.

4-6. Екатерина Лагно, Александра Горячкина, Полина Шувалова — 4.

7. Нана Дзагнидзе — 3,5.

8-11. Александра Костенюк, Бела Хотенашвили, Бибісара Асаубаева, Гюнай Мамедзаде — 3.

12. Оливия Кёлбаса — 0,5.

450 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз