Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Мамыр, 2023

Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингісінде Қазақстан 1-орында тұр

2023 жылғы әлем чемпионатынан кейін Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингісінде Қазақстан бірінші орында келеді. Бұл туралы Спорт Шредингера Telegram-каналы хабарлайды.

Екінші орында бұрынғыша Өзбекстан тұр. Үшінші Ресей келеді. Рейтингінің төртінші позициясында Үндістан орналасқан (әйелдер боксының арқасында). ТОП-бестікті Куба түйіндеп отыр. Ал АҚШ IBA-ден шыққаннан кейін және әлем чемпионатын өткізіп алған соң 10-ыншы орынға құлдырады.

Айта кетейік, IBA рейтингісінде халықаралық турнирлерде ерлер мен әйелдер командалары алған ұпайлар қосылады, тіпті алдын ала раундтағы жеңістер де ескеріледі. Ұпайлар саны жарыстар деңгейіне байланысты. Мәселен, әлем чемпионатындағы алтын медаль үшін – 2000 ұпай, күміс үшін – 1700, қола үшін – 1300, төртінші орын үшін 1000 ұпай беріледі.

Фото: ашық дереккөзден

322 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз